2026 жылғы 12 ақпанда Жетісу аудандық ардагерлер кеңесі 5571 әскери бөлімімен бірлесіп №101 мектеп-гимназия КММ базасында жастармен кездесу өткізді.
Іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орайластырылып, тарихи жадыны сақтауға, интернационалист жауынгерлердің ерлігіне құрмет сезімін тәрбиелеуге, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында азаматтық-патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараға мектеп оқушылары, әскери қызметшілер, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, академиктер және шақырылған әртістер қатысты. Кездесу аясында мерекелік концерт өтіп, онда патриоттық және тақырыптық әндер орындалды, өткен жылдардың оқиғалары мен аға буынға құрмет ахуалын қалыптастыруға ықпал ететін музыкалық және шығармашылық нөмірлер ұсынылды.
Қатысушылардың жалпы саны 80 адамнан асты. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге елеулі үлес болды.