2026 жылғы 19 наурызда Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Н.М. Токмолдаевтың Бостандық ауданы зейнеткерлерімен кездесуі өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпарат ұсынылып, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Зейнетақымен қамсыздандыру, жеңілдіктер мен әлеуметтік көмек беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге аудан әкімдігінің әлеуметтік сала басшысы Садыбек К.Р., «Қазақфильм» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Нұрланқызы, аудан ардагерлері, Орталықтың қызмет алушылары қатысты. Барлығы 45 қатысушы.
Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Саденов Ж.С. сәлемдесу сөзінде ардагерлер кеңесінің аудан ардагерлерін қолдау жөніндегі жұмысы туралы айтып берді. Ол аудан әкімінің аппаратымен және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлескен жұмысты атап өтті.
Кездесу ашық әрі сындарлы диалог форматында өтті. Қатысушылар өз ұсыныстарымен бөлісіп, өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша пікірлерін білдірді. Талқылау мүдделі әрі мазмұнды сипатта өтіп, зейнеткерлерді толғандыратын тақырыптарды жан-жақты қарауға мүмкіндік берді.
Кездесу қатысушыларына ақпараттық материалдар мен естелік блокноттар табысталды. Көтерілген өзекті сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.







