2026 жылғы 28 сәуірде «Шаңырақ-1» шағын ауданында орналасқан №169 мектеп-лицейдің базасында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен қалалық жарыс өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, ардагерлердің спорттық белсенділікке қатысуын кеңейту, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирге қаланың әр түрлі аудандарынан сегіз команда қатысты.
Командалық біріншілік нәтижелері бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді:
I орын – Әуезов ауданының командасы;
II орын – Медеу ауданының командасы;
III орын – Бостандық ауданының командасы.
Жарыс достық әрі бәсекелі ахуалда өтті, қатысушылар жақсы спорттық дайындығын және жоғары нәтижеге жетуге деген ынтасын көрсетті.
Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – спорт жөніндегі комиссияның төрағасы Токмолдаев Н.М. марапаттау рәсімін өткізіп, жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
2026 жылғы 26 сәуірде Жетісу ауданының зейнеткерлері Чернобыль АЭС-індегі қасіретке 40 жыл толуына арналған гүл шоқтарын қою акциясына қатысты.
Бұл күн – осы апатты бастан өткерген барша жан үшін еске алу және қайғыру күні.
Өз өмірін қиып, қасиетті борышын өтеген жандарға қайғырамыз.
Біз ұмытпаймыз. Біз қайғырамыз.
Акцияға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз.















