2026 жылғы 29 сәуірде Наурызбай ауданында Кеңес Одағының Батыры Билис Нурпеисовқа арналған ардагерлердің аудан жастарымен кездесуі өтті. Іс-шара «Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат» тақырыбында өтті.
Іс-шараға: Наурызбай ауданының «Қоғамдық даму» бөлімінің басшысы Исмаилов Р.А., Наурызбай ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Дуйсебекова И.У., Отан қорғаушылары комиссиясының төрағасы Жумадилов А., Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жастарды патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу жөніндегі қоғамдық комиссиясы төрағасының орынбасары Ахмет Д.К., Билис Нурпеисовтың інісі Койгелдиев Юсупбек, немересі Батырбек Нурпеисов, Жылкышы Турганбайдың ұрпағы Бакиев Турсын, Қазақстанның мәдениет қайраткері Кулымжанов К.А., академик, профессор және аудан ардагері Дуйсенбаев С. қатысты.
Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Каркенов М.Т. кездесуге қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде «Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат» атты кездесу тақырыбы ұрпақтар сабақтастығы мен батырлардың ерліктеріне құрмет көрсетудің терең мағынасын бейнелейтінін атап өтті. Билис Нурпеисовтың ерлігі – батылдықтың, жанқиярлықтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Каркенов М.Т. жастарға ақ батасын беріп, оларды ерлікке толы өткеннің лайықты мұрагерлері болуға, өз елінің тарихын құрметтеуге, ардагерлердің рухына тағзым етуге және білімге ұмтылуға шақырды.








