2026 жылғы 5 мамырда Алматы электр-механикалық колледжінде Отан қорғаушы күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған ардагерлердің жастармен кездесуі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі, жастарды патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы Альмухамбетов Б.А.; «Аманат» партиясы аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшесі Асанұлы Б., Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Саденов Ж.С., аудан ардагерлері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Саденов Ж.С. жастарды патриоттық тәрбиелеудің, ел тарихына құрметтің және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін есте сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында профессор Альмухаметов Б.А. студенттерге Ұлы Жеңістің маңызы, Отан қорғаушыларының ерлігі және тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, алғашқы тың игерушілердің бірі Жуков В.И. соғыстан кейінгі ауыр жылдар және аға буынның елді қалпына келтіруге қосқан еңбек үлесі туралы естеліктерімен бөлісті. Прокуратура органдарының ардагері, отставкадағы полковник Кайрат Кенжеболатович жастарға Ұлы Отан соғысының батырлары — Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдиновтің батылдығы мен ерлігі туралы әңгімелеп, болашақ ұрпақ үшін бейбітшілік пен бірліктің маңызын атап өтті.

Іс-шара аясында Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің «Самғау» хоры әскери-патриоттық әндер орындады.

Кездесу қорытындысы бойынша колледж басшылығына жастарды патриоттық тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін Бостандық ауданы ардагерлер кеңесі атынан Алғыс хат табысталды.