2026 жылғы 24 маусымда Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағын ауданының Балалар шығармашылығы орталығында зейнеткерлер арасында «Тоғыз құмалақ» ұлттық зияткерлік ойыны бойынша қалалық жарыс өтті.
«Тоғыз құмалақ» – қазақ халқының ұлттық зияткерлік мәдениетінің символдарының бірі. Жарысты өткізу дәстүрлі мәдени мұраны сақтауға, қолдауға және дамытуға, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ қала зейнеткерлерінің белсенді әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға бағытталды.
Жарыстар командалық форматта өтті. Әр команданың құрамына бес қатысушы: үш ер адам және екі әйел кірді.
Командалық біріншілік қорытындысы бойынша орындар былайша бөлінді:
I орын - Бостандық ауданының командасы;
II орын - Медеу ауданының командасы;
III орын - Наурызбай ауданының командасы.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Кубоктармен, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Наурызбай ауданының әкімі Тогызбаева Н.А.-ның Алғыс хаттарымен марапатталды.






