2026 жылғы 14 шілдеде Түрксіб ауданындағы Баум тоғайында Алматы қаласының ардагерлері арасында скандинавиялық жүрістен қалалық жарыс өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:
I орынды Жетісу ауданының командасы иеленді;
II орын — Әуезов ауданының командасы;
III орын — Түрксіб ауданының командасы.
Жарыс ұйымдасқан түрде, шиеленісті әрі қызықты күресте өтті. Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – спорт жөніндегі комиссияның төрағасы Токмолдаев Н.М. марапаттау рәсімін өткізіп, оның барысында жеңімпаздарға грамоталар мен естелік жүлделер табысталды.
Жарысты ұйымдастыруға және өткізуге Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесі мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы белсенді қатысты.
Іс-шара соңында барлық ардагерлерге балмұздақ таратылды.




