2026 жылғы 29 қазанда Алматы қаласының Әуезов ауданындағы «Family Park» боулинг орталығында зейнеткерлер арасында боулингтен қалалық жарыс өтті.
Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің «Ардагерлерді қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Жарысқа Алматы қаласының 8 ауданынан 8 команда қатысты. Спорттық іс-шараға барлығы 40 адам қатысты.
Командалық есеп бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
· І орын – Жетісу ауданының командасы;
· ІІ орын – Алмалы және Әуезов аудандарының командалары;
· ІІІ орын – Бостандық ауданының командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар, грамоталар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Белсенді қатысқаны, спорттық жігері мен жеңіске деген құлшынысы үшін Алатау, Медеу, Наурызбай, Түрксіб аудандарының командалары да Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің грамоталарымен марапатталды.
Жарыс жылы әрі достық атмосферада өтіп, ардагерлер мен аға буын өкілдеріне өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетуге, өзара қарым-қатынас жасауға, уақыттарын денсаулыққа пайдалы өткізуге тағы бір мүмкіндік берді.







