2026 жылғы 19 наурызда Әуезов ауданы ардагерлер кеңесінің XIII есептік-сайлау конференциясы өтті.
Оған Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов А.Х., аудан әкімі Егембердиев А.К., әкімдік бөлімдерінің басшылары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Ауған соғысы мен Қарабақ ардагерлері, «Бақытты отбасы» орталығының өкілдері, сондай-ақ зейнеткерлер қатарынан 75 делегат қатысты.
Ұйымның 2021–2025 жылдардағы қызметі туралы баяндаманы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибраева Б.С. жасады. Талқылау қорытындысы бойынша ұйымның қызметі қанағаттанарлық деп танылды.
Соңында Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов А.Х. сөз сөйледі. Ол сайланған құрамды көрсетілген сеніммен құттықтап, табысты әрі нәтижелі жұмыс тіледі, сондай-ақ ардагерлер қозғалысын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.






