2026 жылғы 20 наурызда Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесінің XIII есепті-сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Курмангалиев С.Ш., Түрксіб ауданының әкімі Акежанов Д.Н., әкім аппаратының жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жетекшілік ететін инспекторлары, «Аманат» партиясы Түрксіб филиалының төрағасы Сарыбаев С.А., Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, азаматтық авиация ардагері Устюгов В.Н., Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакирова Т.М., «Аяжан» медициналық колледжінің директоры, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Shin-Line компаниялар тобының вице-президенті және Алматы мәслихаты депутатының көмекшісі Шин А.А., Алматы қалалық этноорталығының төрағасы Убулов О.Т., «Туран» кооперативі қауымдастығының президенті, мүгедектігі бар адамдардың ерікті қоғамының төрағасы Кудайбергенов К.К. қатысты.

Күн тәртібіне аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының есепті баяндамасын, тексеру комиссиясының есебін тыңдау, ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын, сондай-ақ қалалық конференцияға делегаттарды сайлау мәселелері енгізілді.

Түрксіб ауданының әкімі Акежанов Д.Н. өз сөзінде ауданның тұрақты дамуын, іске асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды атап өтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға назар аударды. Ол жергілікті билік органдарының қоғамдық ұйымдармен, соның ішінде ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимылы тұрғындармен кері байланыстың маңызды құралы екенін атап көрсетті. Аға буынды әлеуметтік қолдау, аула аумақтарын абаттандыру және медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Әкім сондай-ақ ардагерлердің тәжірибесі мен белсенді ұстанымы алдағы уақытта да ауданның өзекті міндеттерін шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Конференция қорытындысы бойынша Байгутдинова Г.А. аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қорытынды сөз сөйлеген Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Курмангалиев С.Ш. кеңестің жаңадан сайланған құрамын құттықтап, оған жемісті жұмыс тіледі және ардагерлер ұйымының алдағы уақытта да белсенді жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Конференция барысында ардагерлер кеңесі алдағы уақытта да ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысатыны, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатыны, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау және дәріптеу жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.