2026 жылғы 5 маусымда Алмалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Алматы қалалық ардагерлер кеңесі Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі екі негізгі мәселені қарады:

Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы, сондай-ақ жастарды құқықтық тәрбиелеудегі рөлі мен маңызы туралы. Бұл мәселе бойынша Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жастарды патриоттық және адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу жөніндегі қоғамдық комиссиясының төрағасы Альмухамбетов Б.А. ақпарат берді.

Мәселені талқылауға «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Сарсеков Б.С., Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кабылов Б.М., Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байгутдинова Г.А. және «AMANAT» партиясы қалалық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Жумагали Д.Д. қатысты.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасы аясындағы ардагерлер ұйымдарының қызметі туралы. Баяндаманы Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – жауапты хатшы Токмолдаев Н.М. жасады.

Бірінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Төралқа ардагерлер қауымдастығының Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысына одан әрі қатысуының маңыздылығын атап өтті. Халықты Ата заңның маңызы мен негізгі ережелері туралы кеңінен хабардар ету үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін белсендірек пайдалану ұсынылды.

Екінші мәселе бойынша жобаны қаланың ардагерлер ұйымдарында талқылауды ұйымдастыру, оны жетілдіру жөнінде түскен ұсыныстарды жинақтап, ағымдағы жылғы 25 маусымға дейін қалалық ардагерлер кеңесіне жіберу туралы шешім қабылданды. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Токмолдаев Н.М.-ге жүктелді.

Отырыс Алматыдағы ардагерлер қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан белсенділерді салтанатты түрде құрметтеумен аяқталды. Көпжылғы қоғамдық қызметі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін қалалық ардагерлер қозғалысының белсендісі Сулейменова С.Г. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталды.

Қалалық рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие жөніндегі комиссияның мүшесі Ахмет Д.К. мен Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есимбекова С.А. Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Almaty aqshamy» газеті. «Тәуелсіздік тұмары» // №50. – 2026 жылғы 5 маусым

2026 жылғы 4 маусымда Алматыдағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерудің салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Курмангалиев С.Ш. қатысты.

Алматыда, Саялы шағын ауданында 1350 балаға арналған «Жігер» оқушылар шығармашылығы орталығы ашылды. Орталықта қосымша білім беру үшін заманауи жағдай жасалған: робототехника, IT, 3D-модельдеу, музыка, шығармашылық және спорт үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ планетарий, кітапхана және психологиялық қолдау кабинеттері қарастырылған. Жоба балалардың жан-жақты дамуына және әр балаға қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған.

«Almaty aqshamy» газеті. «Балаларға базарлық» // №49. – 2026 жылғы 2 маусым