2026 жылғы 22 қаңтарда Алматы қалалық ардагерлер кеңесі Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды:

1. Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайдың жұмысы туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» тақырыбындағы сұхбаты туралы (ақпарат: Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің Төрағасы - Бижанов А.Х.).

2. 2026 жылы ардагерлерге көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру бойынша қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің міндеттері туралы (ақпарат: ардагерлер кеңесі Төрағасының орынбасары - Курмангалиев С.Ш.).

3. Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің аудан зейнеткерлеріне медициналық қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы (ақпарат: Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің Төрағасы - Каркенов М.Т.).

Төралқа отырысында қаралған мәселелер бойынша ардагерлер қауымдастығының Құрылтай ережелері мен тұжырымдарын іске асыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуы туралы шешім қабылданды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тиісті түсіндіру-насихат жұмысын жүргізу белгіленді. Төралқаның кеңейтілген отырысы іскерлік және сындарлы жағдайда өтті.