2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қалалық ардагерлер кеңесі Төралқасының отырысы өтіп, онда күн тәртібіндегі қоғамдық маңызы зор екі негізгі мәселе қаралды:
1) Отырыс барысында Төралқа Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын мақұлдап, ұсынылып отырған өзгерістер әділеттілікке, ашықтыққа және биліктің жауапкершілігіне деген қоғамдық сұранысты көрсететінін, сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын кеңейтетінін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, қаланың ардагерлер ұйымдарында Конституция жобасын кеңінен талқылауды ұйымдастыру туралы шешім шығарылды.
2) Алматы қаласының ардагерлер ұйымдарында 2026 жылы есепті-сайлау науқанын өткізу туралы қаулы қабылданды. Жиналыстарды өткізу мерзімдері, делегаттардың өкілдік нормалары және қалалық ардагерлер кеңесінің құрамы айқындалды. Бастауыш ардагерлер ұйымдарын нығайтуға және олардың әлеуметтік және қоғамдық қызметін жандандыруға ерекше назар аударылатын болады.
Төралқа отырысы іскерлік әрі сындарлы сипатта өтті.
