2026 жылғы 11 ақпанда аудандық және қалалық есептік-сайлау конференцияларын дайындау және өткізу мәселелері бойынша қалалық семинар өтті. Іс-шараны Алматы қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі қалалық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырды. Семинар есептік-сайлау науқанын өткізуге бірыңғай тәсіл әзірлеуге, аудандық ардагерлер кеңестерінің қызметін үйлестіруге бағытталды.

Семинар жұмысына Алматы қалалық ардагерлер кеңесі Төрағасының орынбасары Курмангалиев С.Ш., қалалық комиссияның Төрағасы Ахмедов С.Ш., аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі аудандық комиссиялардың төрағалары қатысты.

Семинар барысында ұйымдастыру және рәсімдік мәселелер, басшы органдарды сайлау мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Қатысушыларға әдістемелік түсіндірмелер мен практикалық ұсынымдар берілді. Семинар іскерлік және сындарлы ахуалда өтті. Талқылау барысында көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, оларға негізді жауаптар берілді, бұл алдағы конференцияларды сапалы әрі ұйымшыл түрде дайындауға ықпал етеді.