2026 жылғы 19 ақпанда Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің Төрағасы Бижанов А.Х. Жетісу ауданының зейнеткерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы түрлерімен таныстыру, сондай-ақ аудандағы егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелерін талқылау болды.

Кездесуге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Койлыбаев М.С., сондай-ақ қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Затыбекова А.Е. қатысты.

Іс-шара аясында 90 жасқа толған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, тыл майданының қатысушысы Уаликеев К. құрметтелді.

Кездесуге қатысушыларға ақпараттық материалдар мен естелік блокноттар табысталды. Ашық диалог барысында өзекті сұрақтар көтеріліп, олар бойынша түсініктемелер мен кеңестер берілді.