2026 жылғы 24 ақпанда Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің Төрағасы А.Х. Бижановтың Алмалы ауданы зейнеткерлерімен кездесуі өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпарат ұсынылып, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Зейнетақымен қамсыздандыру, жеңілдіктер мен әлеуметтік көмек беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кабылов Б.М., ұйымдастыру-әдістемелік комиссияның төрағасы Ахмедов С.Ш., әкімдік өкілдері қатысты.
Кездесу ашық әрі сындарлы диалог форматында, іскерлік және мейірімді ахуалда өтті. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ұсыныстарымен бөлісті және өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша пікірлерін білдірді. Талқылау мүдделі әрі мазмұнды сипатта өтіп, зейнеткерлерді толғандыратын тақырыптарды жан-жақты қарауға мүмкіндік берді.
Кездесу қатысушыларына ақпараттық материалдар мен естелік блокноттар табысталды. Көтерілген өзекті сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.







