2026 жылғы 13 наурызда Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің бастамасымен №169 лицейде жастармен кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, аға буынның өмірлік тәжірибесін жеткізу және жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болды.
Кездесуге Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі, жастар істері жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы Альмухамбетов Б.А., Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Таубалды С.У., жастар істері жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Аширбеков С., Алатау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ахман К.Н. қатысты.
Кездесуге лицейдің 120 оқушысы қатысып, ардагерлердің өмір жолы мен қоғамдық қызметі туралы үлкен қызығушылықпен тыңдады. Қонақтар жастармен ел тарихы, Отанға қызмет ету, аға буынға құрмет көрсету және білімнің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісіп, өздерінің өмірлік тәжірибесі туралы әңгімеледі.
Кездесу барысында оқушылар түрлі сұрақтар қойып, ардагерлер оларға мазмұнды жауаптар берді. Мұндай кездесулер жастардың патриоттық рухын және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.
Іс-шара жылы әрі жанашыр ахуалда өтіп, оқушылар ардагерлерге шынайы алғыстарын білдірді.





