2026 жылдың басынан бері Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің мәдениет, ұлтаралық қатынастар және БАҚ-пен байланыс жөніндегі қоғамдық комиссиясы ардагерлерді қаланың мәдени және қоғамдық өміріне тартуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, шығармашылық белсенділікті дамытуға және аға буын азаматтарының бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған белсенді жұмысын жалғастырды.

Комиссия аудандық ардагерлер кеңестерімен, әкімдіктермен, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарымен, қаланың театрлары және мәдениет мекемелерімен бірлесіп, қала ардагерлері үшін бірқатар әлеуметтік, мәдени және білім беру іс-шараларын өткізді.

Комиссияның басты мақсаты мен міндеті – аға буын өкілдерін қаланың қоғамдық өміріне белсенді тарту, жергілікті билік органдарының назарын олардың қажеттіліктеріне аудару, сондай-ақ қоғамның аға буынға деген қамқорлығын күшейту.

Ардагерлерді белсенді өмірге тартуда Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары зор рөл атқарады: онда ардагерлер көңілдеріне қонымды іспен айналысып, концерттерге, шығармашылық кездесулерге, табиғат аясына шығуға, экскурсияларға және қайырымдылық мәдени акцияларға белсенді қатысады.