2026 жылғы 30 наурызда Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Ш. Курмангалиевтің «Қамқор» әлеуметтік үйінің зейнеткерлерімен кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында ол әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпарат ұсынып, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістерді түсіндірді, жеңілдіктер беру және атаулы көмек көрсету мәселелеріне назар аударды.
Іс-шараға Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Саденов Ж.С., Төралқа мүшелері, сондай-ақ «Қамқор» әлеуметтік үйінің директоры Туманшиев Т.М. қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің аудан аппаратымен тиімді өзара іс-қимылын дамытуға ерекше мән берілді. Барлығы 20 адам қатысты.
Талқылау сындарлы ахуалда өтті: қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар енгізді және бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, кеңейтілген жауаптар мен ұсынымдар алды.
Кездесу қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар жасалып, аға буын өкілдерін әлеуметтік қолдау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігі расталды.









