2026 жылғы 15 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студенттердің Алматы қаласы Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орайластырылып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, жастарды патриотизмге және тарихи мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.

Кездесу басталар алдында қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шараға: Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл, жастарды патриоттық және адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы Альмухамбетов Б.А.; Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері үйлестіру кеңесінің төрағасы Абдушкуров М.М.; Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тлеубаев А.А.; университеттің бірінші проректоры Ибрагимов П.Ш.; академик Оразалы С.С.; «Қызыл Жарты Ай» қоғамының президенті Аргымбеков Е.К. қатысты.

Кездесу барысында қонақтар студенттермен өз естеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, Отанға қызмет ету, білімнің маңызы және ел дамуындағы жастардың рөлі туралы ой-толғаныстарымен бөлісті. Білім алушылардың ерекше қызығушылығын Панфилов дивизиясының университет аумағында жасақталғаны туралы тарихи деректер, сондай-ақ жоғары оқу орнының түлектері — соғыс ардагерлері мен Кеңес Одағының Батырлары туралы әңгімелер тудырды.

Іс-шара аясында бірқатар қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлері «Медеу ауданының құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Марапатталғандар қатарында: академик, экономика ғылымдарының докторы Оразалы С.С.; еңбек ардагері, университет түлегі Бекетаев Т.У.; Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Весёлые нотки» балалар клубының жетекшісі Османова В.В. бар.

Кездесу соңында Медеу ауданы ардагерлер кеңесіне басқарма төрағасы — университет ректоры А. Күрішбаевтың атынан алғыс хат табысталды.

Мұндай іс-шаралар университеттің игі дәстүріне айналып, жастарды рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады, ел тарихына, аға буынның ерліктеріне және ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптастырады.