2026 жылғы 24 сәуірде Медеу ауданының әкімдігінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Ш. Курмангалиевтің аудан зейнеткерлерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шараларына қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ зейнеткерлерді әлеуметтік қамсыздандыру проблемалары қаралды. Іс-шараға қатысушылар белсенді пікір алмасып, әрі қарай назар аударуды қажет ететін негізгі проблемалық тұстарды айқындады. Іс-шараға барлығы 60 адам қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін С.Ш. Курмангалиевке, сондай-ақ белсенділер З.И. Литвинова мен Б.А. Асеновқа «Медеу ауданының құрметті ардагері» медальдары табысталды.

Іс-шараға Медеу ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері: жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі № 1 бөлімшенің меңгерушісі Сарыбаева С.Ш., жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі № 4 бөлімшенің меңгерушісі Умиргулова Р.Р., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Асарова Б.А., сондай-ақ Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен «Шуақты Кемел жас» мектебінің өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушыларға ақпараттық материалдар табысталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ардагерлерді әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге бағытталған алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.