2026 жылғы 9 мамырда қала әкімі Сатыбалды Д.А., Алматы қаласының қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен, әскери қызметшілермен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалының жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты. Жиналғандар болашақ ұрпақтың бейбітшілігі мен бостандығы үшін жанын қиған қазақстандық жауынгерлердің жарқын рухын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ Жеңіс күнін мерекелеудің ең маңызды бөліктерінің бірі – «Батырларға тағзым - мәңгі жадымызда» шеруі өтті. Қаланың 30 мыңнан астам тұрғыны өздерінің туыстары – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың портреттерін ұстап, колоннамен жүріп өтті және олардың ерлігі мен батылдығына тағзым етті. Шеру қала тұрғындарының түрлі ұрпақтарын біріктіріп, алғыстың, естеліктің, өткен мен бүгінгі күн арасындағы байланыстың символына айналды.

Шеруді ұйымдастыруды және өткізуді интернационалист жауынгер, Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абдушкуров М.М.-нің қатысуымен Алматы қаласының Ауғанстан ардагерлері одағы қамтамасыз етті.