2026 жылғы 21 мамырда Алматы қаласы Алатау ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Ш. Курмангалиев аудан ардагерлерімен және зейнеткерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу тақырыбы: «Мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шараларымен танысу, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелерін талқылау».

Іс-шара барысында зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау, зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшерінің өзгеруі, сондай-ақ ардагерлер мен егде жастағы азаматтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесуге әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы Тайбосынова Э.Т. де қатысты.

Қатысушылардың жалпы саны 32 адамды құрады.

Кездесу барысында ардагерлер өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді қойып, оларға толық жауаптар мен қажетті түсініктемелер алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға ақпараттық материалдар, естелік блокноттар мен кеңсе тауарлары табысталды. Түскен барлық сұрақтар қаралып, тиісті түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.