2026 жылғы 28 мамырда Түрксіб ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы нысандарымен таныстыру мәселелері бойынша зейнеткерлермен кездесу өтті.

Іс-шарада Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары — жауапты хатшысы Токмолдаев Нуркасым Молдасанович, Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байгутдинова Галия Аскаровна, сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас инспекторы Адилбекова Куляш Калмахановна баяндамашы ретінде сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік қолдау шаралары, зейнетақымен қамсыздандыру, берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қызметтер туралы толық ақпарат берілді. Іс-шараға Орталықтың зейнет жасындағы 20 қызмет алушысы қатысты.

Баяндамашылардың сөзінен кейін кездесу қатысушылары талқыланған тақырыптар бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.

Іс-шара ашық диалог және белсенді қарым-қатынас форматында өтті. Кездесу соңында қатысушыларға папкалар, блокноттар, қаламдар мен ақпараттық материалдар табысталды, сондай-ақ өткізілген іс-шара туралы пікір білу мақсатында сауалнама жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға түскен сұрақтар бойынша қажетті кеңестер мен түсініктемелер берілді.