2026 жылғы 17 маусымда Д. Қонаев атындағы Заң колледжінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Х. Бижановтың Әуезов ауданы зейнеткерлерімен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға халықты әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шаралары, сондай-ақ зейнет жасындағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды. Жеңілдіктер мен әлеуметтік қызметтер ұсыну мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылауға Әуезов ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибраева Б.С., аудандық ардагерлер кеңесі Төралқасының мүшелері, Д. Қонаев атындағы Заң колледжінің директоры Булекбаева Р.Ч., Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Хасенов К.О., Әуезов ауданы әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі Сейтимбетова Г. қатысты.
Диалог барысында зейнеткерлерді әлеуметтік қолдаудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар ұсыныстар айтып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды, оларға тиісті түсініктемелер берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуде мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және аға буын өкілдерінің өзара іс-қимылын одан әрі жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.




