2026 жылғы 23 маусымда аудандық ардагерлер кеңесі Төралқасының отырысы өтті. Кездесу барысында ардагерлер ұйымы қызметінің өзекті мәселелері қаралып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Каркенов М.Т. отырысқа қатысушыларға Астана қаласында өткен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезекті XI съезінің қорытындылары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ отырыста «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық және қалалық кезеңдерінің қатысушыларын анықтау туралы мәселе қаралды.

Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ахметова С.А. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеу аясында ауданда өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ұсынды. Тарихи жадыны сақтауға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге және аға буын өкілдерін қолдауға бағытталған іс-шаралар атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша алдағы міндеттер айқындалып, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.