2026 жылғы 24 маусымда Медеу ауданы әкімдігінің конференц-залында Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Х. Бижановтың Медеу ауданының ардагерлерімен халықты әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шаралары, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзгерістер мәселелері бойынша кездесуі өтті.
Талқылауға Медеу ауданы әкімдігінің қоғамдық даму бөлімінің басшысы Сырым Е., әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ушкемпиров Б.А., әкімнің кеңесшісі Молдасанов Ж.Ж., Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Медеу» бөлімшесінің директоры Баймұратова Л.Р. қатысты.
Диалог барысында зейнеткерлерді әлеуметтік қолдаудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Қатысушылар ұсыныстарын айтып, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды, оларға тиісті түсініктемелер берілді. Ардагерлердің өмір сүру сапасын арттыру, оларды әлеуметтік қорғау жағдайларын жақсарту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша халықты әлеуметтік қолдау мәселелерін тиімді шешу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және аға буын өкілдерінің одан әрі өзара іс-қимылының маңыздылығы атап көрсетілді.







