2026 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының Достық үйінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесі Пленумының отырысы өтті. Оның жұмысына «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кусаинов А.К., Алматы қаласы әкімдігі басшылығының, ардагерлер ұйымдарының және қала жұртшылығының өкілдері қатысты.

Отырыс басталар алдында Кусаинов А.К. Отанды қорғауға және кейінгі ұрпақтардың бейбіт болашағына үлес қосқандарға деген құрмет пен тағзым белгісі ретінде мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Отырысты Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов А.Х. ашты. Пленумға қатысушыларға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нукенов А.Н. құттықтау сөз арнады.

Талқылаудың өзегінде ардагерлер ұйымдары жұмысының екі маңызды бағыты - ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ аға буынды қолдау мәселелері болды.

Ардагерлер ұйымдарының «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» бағдарламасын іске асыру жөніндегі міндеттері туралы баяндаманы «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Кусаинов А.К. жасады.

Тақырыпты талқылауды Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Каркенов М.Т., жастарды патриоттық және адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу жөніндегі қалалық қоғамдық комиссияның төрағасы Альмухамбетов, Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.М. Кабылов Б.А., Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тлеубаев А.А. және Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байгутдинова Г.А. жалғастырды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі 2029 жылға дейін егде жастағы адамдардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысына арналды. Негізгі баяндаманы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жаубасов Б.Ж. жасады.

Аға буынды қолдау мәселелері бойынша өз тәжірибесі мен ұсыныстарымен Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры Бекетаева С.С., Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакирова Т.М. және Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибраева Б.С. бөлісті.

Пленум барысында ардагерлер қозғалысын одан әрі дамыту, аға буынның қаланың қоғамдық өміріне қатысуы, өмірлік тәжірибені жастарға беру және егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу болды.

Талқылау қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша да тиісті қаулылар қабылданды. Отырыс іскерлік және сындарлы ахуалда өтіп, ардагерлер қауымдастығы мен мемлекеттік органдардың өкілдерін аға буын үшін маңызы зор мәселелер төңірегінде біріктірді.