2026 жылғы 12 наурызда Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің XIII есепті-сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Алатау ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Б.Е., Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Токмолдаев Н.М., аудандық ардагерлер кеңесі активінің мүшелері, тұрақты комиссиялардың төрағалары және басқалар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 123 адамды құрады.
Конференцияға қатысушылардың қарауына аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының есепті баяндамасын тыңдау, ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын жасақтау және қалалық конференцияға делегаттар сайлау мәселелері шығарылды.
Конференция қорытындысы бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Таубалды С.У., төрағаның орынбасары болып Ахман К.Н. сайланды.
Іс-шараның соңында Токмолдаев Н.М. сөз сөйлеп, ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын сайлануымен құттықтады, табысты әрі жемісті қызмет тіледі және ардагерлер қозғалысын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция барысында ардагерлер кеңесі бұдан әрі де ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге және ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттау жөніндегі жұмысын жалғастыруға ниетті екені атап өтілді.




