2026 жылғы 17 наурызда Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің XIII есепті-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов А.Х., Наурызбай ауданының әкімі Тогызбаева Н.А., әкімнің орынбасары Бекжанова А.С., «AMANAT» партиясының төрағасы Баймурат М., ардагерлер кеңесінің мүшесі, полиция полковнигі Шопшекбаева А.Ш. қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 58 адамды құрады.
Конференцияға қатысушылар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Каркенов М.Т.-нің есепті баяндамасын тыңдады, ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын жасақтап, қалалық конференцияға делегаттар сайлады.
Аудан әкімі өз сөзінде аға буын өкілдеріне ризашылығын білдіріп, олардың көпжылдық еңбегі, өмірлік тәжірибесі және белсенді азаматтық ұстанымы жастарға лайықты үлгі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ Наурызбай ауданындағы «AMANAT» партиясының төрағасы Жамбылов Б.М.; жауапты хатшы Ахметова С.А., «Желтоксан ақиқаты» төрағасы Аюпов Г.С., «Ардагерлер ұйымы» аналар кеңесінің төрағасы Мырзаханова Ф., «Ардагерлер ұйымы» төрағасы Омаров М.А. сөз сөйледі.
Қорытынды сөзді Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов А.Х. сөйледі. Ол ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын сайлануымен құттықтап, табысты әрі жемісті қызмет тіледі және ардагерлер қозғалысын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция барысында ардагерлер кеңесі бұдан әрі де ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысатыны, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға жәрдемдесетіні және ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттау жөніндегі жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.





