2026 жылғы 19 наурызда Алмалы ауданы ардагерлер кеңесінің XIII есепті-сайлау конференциясы өтті.
Іс-шараға Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Курмангалиев С.Ш., Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Калдарбеков Е.О., аудандық ардагерлер кеңесінің активі, тұрақты комиссиялардың төрағалары, ауданның құрметті азаматтары қатысты. Барлығы 72 адам қатысты.
Есепті баяндаманы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кабылов Б.М. жасады. Ол комиссиялардың қызметі мен бастауыш ардагерлер ұйымдарының қосқан үлесін атап өтіп, 2021–2025 жылдардағы жұмыстың қорытындысын шығарды. Аға буынның жастарды тәрбиелеудегі және ұрпақтар байланысын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ сөз барысында зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыруға көмектесетін және олардың қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысы атап өтілді. Сонымен қатар егде жастағы азаматтарға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру қажеттігі айтылды.
Конференция аясында басшы құрамның сайлауы өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Кабылов Б.М. қайта сайланды. Оның орынбасары болып Ахмедов С.Ш., жауапты хатшы болып Абдукаримова Г.Г. сайланды.
Қатысушылар сондай-ақ алдағы қалалық конференцияға делегаттар сайлады.
Іс-шараның соңында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Курмангалиев С.Ш. жаңа құрамды құттықтап, табысты жұмыс тіледі.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Алмалы ауданының ардагерлер кеңесі қоғамдық өмірге белсене қатысуды, аға буынды қолдау және ұлттық құндылықтарды сақтау жөніндегі жұмысын жалғастырады.




