2026 жылғы 8 сәуірде Алматы қалалық ардагерлер ұйымының «Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің 2021-2026 жылдардағы жұмысының қорытындылары туралы» тақырыбындағы XI есепті-сайлау конференциясы өтті. Осы мәселе бойынша Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов А.Х. баяндама жасады.

Конференция жұмысына Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары генерал-лейтенант Тасболатов А.Б., Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нукенов А.Н., «Аманат» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Канкуров В., делегаттар, Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, құрметті азаматтар, сондай-ақ қала жұртшылығының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:

- Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов А.Х.-ның баяндамасы;

- тексеру комиссиясының төрағасы Булекбаев В.Е.-нің есебі;

- мандат комиссиясының төрағасы Токмолдаев Н.М.-нің есебі.

- қалалық ардагерлер кеңесі мен тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлау;

- Орталық ардагерлер кеңесінің «Ардагерлер ұйымы» РҚБ XI съезіне делегаттар сайлау.

Қала әкімінің орынбасары Нукенов А.Н. сөйлеген сөзінде қала әкімі Сатыбалды Д.А.-ның құттықтауын оқып берді және аға буын өкілдеріне алғыс білдіріп, олардың көпжылдық еңбегі мен өмірлік тәжірибесі жастарға үлгі екенін атап өтті. Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары өз сөзінде азаматтық жауапкершілікті арттыруға, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге және аға буынның еңбектегі және майдандағы ерліктерінің жадын сақтауға шақырды.

Конференция аясында пленум өткізіліп, онда Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Бижанов А.Х., орынбасарлары болып Курмангалиев С.Ш., Абдушкуров М.М., Токмолдаев Н.М. сайланды. Сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің 85 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді, тексеру комиссиясының мүшелері мен Орталық ардагерлер кеңесінің XI съезіне делегаттар сайланды.

Конференция барысында Алматы қалалық ардагерлер кеңесі бұдан әрі де қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысатыны, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатыны, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.

Конференция ұйымшыл, іскерлік және сындарлы деңгейде өтті.

XI есепті-сайлау конференциясында сайланған
Алматы қалалық ардагерлер кеңесі Төралқасының ЖАҢА ҚҰРАМЫ, конференция өткен күн:

2026 жылғы 8 сәуір

Бижанов Ахан Хусаинович — Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Курмангалиев Серик Шолпанкулович — Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Абдушкуров Мурат Муктарович — Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Таубалды Сагатулла Усембайулы — Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Каркенов Мадениет Тастанбекович — Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Кабылов Батай Маманович — Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ибраева Батима Сапиевна — Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Шакирова Тамара Мухтархановна — Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Байгутдинова Галия Аскаровна — Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Саденов Жангельды Саденулы — Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Тлеубаев Алмас Абдраманович — Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Токмолдаев Нуркасым Молдасанович — Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы және спорт және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы жөніндегі комиссияның төрағасы.

Летникова Клара Артемовна — Отан қорғаушыларының есімін мәңгі есте қалдыру жөніндегі қоғамдық комиссияның төрағасы.