16 мамырда елордада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезекті XI съезі өтті. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 120 делегат, оның ішінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің 15 өкілі қатысты.
Съезд барысында Орталық кеңестің есепті кезеңде атқарған жұмысы туралы есебі, сондай-ақ ардагерлер қозғалысын одан әрі дамытудың негізгі міндеттері қаралды. Негізгі баяндаманы Орталық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Тасбулатов А.Б. жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша съезд делегаттары тиісті қаулылар қабылдады. Орталық кеңестің есепті кезеңдегі жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.
Орталық кеңес пен ардагерлер ұйымдарына белсенді ұйымдастыру жұмысын жалғастыру тапсырылып, мынадай бағыттарға ерекше назар аудару міндеттелді:
– «Іскерлік және жанашырлық» («Деловитость и сострадание») жобаларының ауқымын кеңейту және оларды республиканың барлық өңірлерінде іске асыруды қамтамасыз ету;
– «Дәнекер» жобасы аясында сотқа дейінгі медиация жұмысын жандандыру, ардагер-медиаторлардың рөлін, әсіресе отбасылық және еңбек дауларын шешудегі рөлін арттыру;
– «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарының желісін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп одан әрі дамыту және олардың қызметін аудандық деңгейге тарату;
– ардагерлер активін оқытуды ұйымдастыру, жұмыстың оң тәжірибесін зерделеу және тарату;
– ардагерлер ұйымдарының қатарына жұмыс істейтін зейнеткерлерді және лайықты демалысқа шыққан белсенді азаматтарды тарту;
– аға буынның мүдделерін қорғау және ардагерлер қозғалысын насихаттау мақсатында мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, бизнес құрылымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды нығайту.
Съезд барысында Орталық кеңестің, Тексеру комиссиясының жаңа құрамы, сондай-ақ ТМД мемлекеттері ардагерлерінің қоғамдық ұйымдары Халықаралық одағының X съезіне делегаттар сайланды.
Орталық кеңестің төрағасы болып Кусаинов Абильгазы Калиакпарович бірауыздан сайланды.
Съезд жұмысы аяқталғаннан кейін ұйымдастыру пленумы өтіп, онда Орталық кеңес төрағасының бірінші орынбасары болып Тасбулатов Абай Болекпаевич сайланды.
Іс-шара салтанатты әрі іскерлік ахуалда өтті.
«Вечерний Алматы» газеті. «Алғашқы сұхбат» // №40. – 2026 жылғы 28 сәуір







