Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған «Жаңа Конституция – жаңа серпін» дөңгелек үстелі өтті.

Оған ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов А.Х. және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жаңа Конституция қағидаттарын мемлекеттік басқаруда іске асыруды, құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтық жауапкершілікті дамыту мәселелерін, сондай-ақ ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың елдің одан әрі дамуындағы рөлін талқылады.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар жаңа Конституция Қазақстанның одан әрі дамуы, қоғамдық келісімді, заң үстемдігін нығайту және әділетті, ашық әрі тиімді мемлекет құру үшін берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

«Almaty aqshamy» газеті. «Жаңа конституция – жаңа серпін» // №61. – 2026 жылғы 3 шілде

2026 жылғы 1 шілдеде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Zoom-конференция өтті. Іс-шараға республикалық маңызы бар қалалар — Астана, Алматы және Шымкент, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық облыстарының ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында қатысушылар «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасын, сондай-ақ ардагерлер қауымдастығының Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» бастамаларын іске асыруға қосқан үлесін талқылады.

Жоба жеті басым бағытты қамтиды және конференция қатысушыларының бірауыздан қолдауына ие болды. Талқылау қорытындысы бойынша жобаны одан әрі талқылау және іске асыру үшін бастауыш ардагерлер ұйымдарында қарау туралы шешім қабылданды:

«1. Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр;

2. «Кітаппен – болашаққа» (Мемлекет басшысының кітап оқуды насихаттау жөніндегі бастамасы);

3. «Алтын Орда» – тарихи сана және ата-баба аманаты;

4. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және ажырасу мәселесі;

5. Дәстүрлі дін және ұлттық бірегейлік (деструктивті ағымдарға орын жоқ);

6. Жастарды тәрбиелеу: адал адам, табиғатқа деген сүйіспеншілік және жасампаз патриотизм;

7. Зиянды әдеттермен күрес (құмар ойындар).